Жағармайды заңсыз жолмен Қырғызстанға асырмақ болғандар ұсталды

134

Түркістан облысында 960 тонна «АИ 92» маркалы бензинді заңсыз жолмен Қырғызстан асырмақ болғандар ұсталды.

Олар цистерналарға құйылған жанармайды Манкент станциясы арқылы газ конденсаты деп көрсетіп өткізуге әрекеттенген. Тәркіленген бензиннің жалпы сомасы – 229 млн теңге. Тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облысында бірнеше күннен бері жанар-жағармай тапшы екендігін, май құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқаны айтылған еді. Бензин мен дизель отыны мүлдем болмай қалған, барлары тек талонмен берген. Ал бүгін жағдай реттелді.

Шынар Оразова