Есеп комитеті 2020 жылдың наурызында бюджет қаражатын және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізген. Бұл жөнінде есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында жалпы сомасы 98 961,2 миллион теңгеге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану түріндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған.
Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерімен салыстырғанда холдингтің еншілес ұйымдарының функциялары мен міндеттерінің қайталануы белгілі болыпты.
Шынар Оразова