Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бөлімшелері тексеріледі

36
медициналық құрылғылар тек Шымкентте жасалады

Жоғары аудиторлық палата осы жылдың соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының барлық бөлімшесіне кешенді аудит жүргізеді. Палата төрағасы Наталья Годунованың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берген.

«Жоғары аудиторлық палата мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылдың соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының барлық 20 бөлімшесіне кешенді аудит жүргізуге кіріседі. Бұл мәселенің әлеуметтік маңызы зор екені мәлім. Сол себепті сіздерге осы аудит барысында назар аударуды қажет ететін ең өзекті мәселелердің тізімін бізге жолдауды ұсынамын», – деді Годунова мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін таныстырып.
Аудиттың қорытындысы 2024 жылғы маусым айында ұсынылады деп жоспарланып отыр.