«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалына қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды

89

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалына қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түскен болатын.

Департамент осы өтініштердің негізінде, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, реттеліп көрсетілетін қызметке қоспағаны туралы анықталды, бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ШӨФ-на қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 (төрт) әкімшілік хаттама толтырды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізді.

Шынар Оразова