Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды мәлімдеме жасады. Бүкіл қазақстандықтармен бірге еліміздің болашағын айқындайтын қадамдар шымкенттіктердің де көңілінен шықты.
Қаламыздағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми кітапханада жиналған қауым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша мәлімдемесін тыңдады. Әсерісе халықтың әл ауқатын арттыруға бағытталған конструктивті шараларды бірауыздан қолдаймыз дейді жиналғандар.
Икрам Хашимжанов, өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрағасы: «Президент жаңа кезең басталды, жаңарумен байстаймыз», деді. Мен мұны былай айтқан болатын едім. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жаңа реформалармен өзінің алғашқы қадамын жасады. Бұл тарихи оқиға. Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жалғастыру өзекті мәселелер. Сонымен қатар, азық-түлік тауарларына бағаны көтермеу. Бұл шаралардың барлығы инфляцияның шарықтауының алдын алады».
Халықтың мұң мұқтажын кешеуілдетпей шешуге бағытталған «Қазақстан халқына» қорының құрылуы қоғамдағы көптеген мәселелерді шешетініне қоғам белсенділері кәміл сенеді.
Жаннета Жазықбаева, Шымкент қаласының «Азаматтық Альянс» ҚБ төрағасының орынбасары: «Қоғамда шешімін таппаған мәселелерді осы қор арқылы шешу, соның ішінде нақты айтсақ, сирек аурумен ауыратын балалардың денсаулығына аса назар аударуға әлеуметтік осал топтарға қол жетімді баспана болсын, жалпы өзекті мәселелер. Халық алақанын жаймай, осы қоғамдық әлеуметтік қор арқылы өз қажетіліктерін шешеді деген үміт бар. Қордың «Қазақстан халқына» атауының өзі жоғары дәрежеде шенеунік болсын, бизнес саласының өкілдері болсын өздерінің табыстарынан халықпен бөлісетініне және бұл шараның реттік емес, тұрақты түрде болатыны жақсы нышанның белгісі».
Жиналған қауым мемлекет басшысының мәлімдемесіндегі реформалар, нақты тапсырмаларды халыққа жеткізіп, олардың орындалауына бірге ат салысамыз деп отыр.
Шынар Оразова