Úı Jańalyqtar Тиімді платформа болып табылады

Тиімді платформа болып табылады

фото ШСБҚ

 

Бүгінде мемлекеттік шешімдер мен заң жобаларының қаншалықты ашық қабылданып жатқаны – ел ішінде жиі көтеріліп, талқыланатын сұрақтардың бірі. Бүгінде Шымкент қаласында заңнамалық бастамалар мен әкімшілік шешімдердің жария түрде талқылануы артып жатыр.

Мысалы, жаңа заң жобалары мен түрлі қаулылар интернет арқылы ашық түрде жарияланып, қала тұрғындарының талқылауына ұсынылуда. Қалалық әділет органдары бұл бағытта бірқатар қадам жасап жатыр. Соның бірі – «Ашық Нормативтік құқықтық актілер» порталы. Ол әзірленіп жатқан заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілерді талқылауға арналған тиімді платформа болып табылады.

Цифрландырудың арқасында шымкенттіктер бүгінде мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ ала алады. Бұрын бірнеше күн кететін мүлікті тіркеу сияқты рәсімдер енді бір-ақ күнде шешіледі. Бұның барлығын азаматтар «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асыра алады.

Құқықтық саясаттың іске асырылу барысы ұдайы бақылауда. Бұл тарапта тиісті мекемелер тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Қалада заңсыз құрылыстар мәселесі әлі де бар. Биылдың өзінде 157 рұқсатсыз нысан анықталып, 46-миллион теңгеден астам айыппұлдар салынды. Тіпті сот шешімімен бұзылған ғимараттар да болды. Мұның барлығы заң жобалары мен мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығынан болса керек.

Шымкент қаласының тұрғындарына тегін «Құқықтық көмек» жобасы арқылы заң көмегі көрсетіліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобалар жүргізілуде. Жастар мен зейнеткерлер арасында кездесулер ұйымдастырылып, күнделікті құқықтық мәселелерге жауап берілуде.

Шымкентте шешімдердің ашықтығы даму сатысында. Бірақ жақсы жаңалық та бар. Дегенмен, толық сенім орнату үшін тек құжат жариялау аз – қоғаммен тұрақты байланыста болу қажет. «Ашық НҚА» порталы, электрондық қызметтер, цифрландыру – бұл ең ірі жобаның тек бір нақты қадамы. Сыбайлас жемқорлық қаупін азайту, заңсыз әрекеттерді анықтау, жою және алдын алу бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар баршылық. Сонымен қатар, бейінді ведомствалардың жұмысын, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында да жұмыстар жүргізілуде.

Жанна Құрманбекова