Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды

111
фото информ

Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде болды. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы 4 метр тереңдіктегі әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен.

«112» қызметіне хабарлама түсісімен оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері барды. Құтқарушылар арқанның көмегі арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне жіберілді. «Қазір баланың жағдайы бір қалыпты қалыпты», – деді Төтенше жағдайлар департаментінен.