Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін кемінде тұрғындардың 80% егілуі тиіс

68

 

Шымкент қаласында бүгінгі күнге вакцинациялау және ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген вакциналармен («Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)», «Хаят вакс», КазВак, КоронаВак, «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) жүргізілуде.

Бүгінгі күнге қала бойынша 1 090 109 тұрғынның 64,9% коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды, толық ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін кемінде тұрғындардың 80,0% егілуі тиіс.

Қаладағы 711334 ересек тұрғындардың ішінде, қауіпті топқа жататын адамдар, жүкті әйелдер және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер арасындағы коронавирустық инфекцияға қарсы егудің 1-компонентімен 84,6%, 2-компонентімен 82,2% адам қамтылды. Сонымен қатар, ревакцинациямен 10,7% тұрғын егілді.

Ағымдағы кезеңнің 25 қаңтарына «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасымен 47993 адам егілді.

1-компонентімен егілгендер 33687, оның ішінде: 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 26601, жүктіліктің 16-37 апта аралығындағы әйелдер – 2432, емізулі әйелдер – 4654. Ал, 2- компонентімен 14306 адам егілді, оның ішінде: 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 10809, жүктіліктің 16-37 апта аралығындағы әйелдер – 1316, емізулі әйелдер-2181.

Өз кезегінде, қала бойынша 18 жасқа дейінгі 115453 жасөспірімдерді егумен қамту 1-компонентпен 23,0%, 2-компонентпен 9,3% құрады.

Вакцинация жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, тегін жүргізіледі. Ал, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана егіледі.

Вакцинация жүргізу алдында егілетін адамды медицина қызметкері толық тексереді, жасһспірімдерді психолог қарайды. жалпы жай-күйін бағалап, ешқандай қарсы көрсетілім болмаған жағдайда егуге рұқсат береді. Вакцина егілгеннен кейін адамдар арнайы бөлінген бөлмеде 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Сонымен қатар, вакцина алғаннан кейін 15 күнге дейін демалу мен тамақтану режимін сақтап жүрген абзал. Бүгінгі күнге ауруды жоюдың жалғыз жолы халықты коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинациялап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру болып отыр. Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды аурудан қорғай үшін вакцина алуды ұсынамыз.

Мутацияланған Омикрон штаммы Оңтүстік Африкада 26.11.2021 жылдан бастап анықталғандығы белгілі. Қазіргі уақытта инфекция 110 елде орын алды. Шымкентте Омикрон штаммымен коронавирустық инфекция ресми тіркелген жоқ.
Шымкентте коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардан вирустың мутагендігін анықтау үшін ДДҰ зертханасына секвенирлеуге сынамалар жіберілді.

А.Тулебаев,

Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау департаментінің басшысы