Úı ANONS 22 аккумулятор ұрлаған азамат бас бостандығынан айырылды

22 аккумулятор ұрлаған азамат бас бостандығынан айырылды

Түркістанда 22 аккумуляторды жымқырған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін Түлкібас елді мекенінің азаматына тиесілі «Мерседес-бенц» автокөлігінің ішінен 30 мың теңгелік аккумулятор ұрланған еді.

Өткен жылдың маусым айында болған оқиғаға қатысты тез арада жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілген еді. Нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны күдікке ілінді. Белгілі болғандай азамат жалпы құны 1 миллион 600 мың теңгеден асатын 22 аккумуляторды қолды еткен.

Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізілді. Күдікті негізінен түнгі мезгілде автокөлік иелерінің жоқтығын пайдаланып арам ойын іске асырып жүрген.

Сондай-ақ ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағандығы белгілі болды. Полицейлер істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Күдікті деп танылған ер азаматқа сот шешімімен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
                                                                              Мөлдір Ибадуллаева