Атамекенге оралған қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан қоныс аударғандар

72

Биыл 1820 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Сондай-ақ, Қытай, Түркіменстан, Моңғолиядан қоныс аударғандар бар. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына орналасқан.

Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанғандар да бар, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.