Шымкентте әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті

42

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кестесіне сәйкес әлеуметтік орталық қызметкерлерінің, яғни бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-нің басшысы Нұржанова Венера Шыңғысқызы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Құралова Айнұр және орталықтың қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында  қандастар мәселесін қозғап, ішкі миграцияға көбірек көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Соған орай бүгінде Шымкент қаласында «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істеуде. Орталықта шеттен көшіп келген қандастарымыздың бейімделуі үшін барынша жағдай жасалған.
Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауымен және оны іске асыру шараларымен және еңбек қатынастарына байланысты мәселелермен таныстырып, орталық қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.