Дауылды ескерту жарияланды

69

 

Қазгидрометтің кезекші синоптигінің мәлімдеуінше Шымкент қаласында 2022 жылғы 8 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында Шымкент қаласының ТЖ департаменті мына сақтық шараларды ұсынады!

Жүргізушіге тұман жағдайында қозғалу кезінде:
— қозғалыс жылдамдығын азайту. Ол көріну қашықтығының жартысынан аспауы тиіс. Мәселен, 20 м көріну кезінде ол 10 км/сағ аспауы тиіс;
— автокөлікте тұманға қарсы фараларды жақын немесе алыс фар жарығымен бірге пайдалану;

— әйнектер бұланып кеткенде салонның жылыту және желдету жүйесін, сондай-ақ артқы әйнектің электр қыздырғышын қосу;
— таңбалар болған кезде жолақтарды бөлетін таңбалар сызықтарының арасында орталықтан орын алу;
— жүргізуші жағынан терезені ашық ұстау және басқа көлік құралдарының шуылын тыңдау;

— дыбыстық сигналды мезгіл-мезгіл қолдану, әсіресе қала сыртындағы жолда.
Жаяу жүргіншілерге көктайғақта мына сақтық шаралар үсынылады:
* ыңғайлы, тұрақты өкшеде, тайғанамайтын аяқ киім кию;
* көшені тек белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерде кесіп өту, тайғақ жол жамылғысының және нашар көрінудің салдарынан жүргізушіге көлік құралын тоқтатуға көп уақыт кетеді;
* қозғалатын көліктің алдында трассадан жүгіріп өтпеу;
* жоғары көрінетін көкірекше немесе шағылысатын элементтерді пайдалану;
* тек көлік ағынына қарай қозғалу;

* құлаған кезде травматологтар қолдарын алдына қоймауға, бүйіріне құлауға кеңес береді, бұл күрделі сынықтардың алдын алады.