Мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды

33

Сегізінші  шақырылымдағы  мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды. Мәжілістің пленарлы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, халық қалаулылары төменгі палатаның спикерін сайлады.

Мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды.Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясынан сайланған мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. Депутаттар Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Айта кетері, Ерлан Қошанов жетінші шақырылымдағы мәжілісті де басқарған болатын.
Еске салсақ, 19 наурызда мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтті.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланды, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтті.
Сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті:

Amanat партиясы – 53,9%;

«Ауыл» партиясы – 10,9%;

Respublika партиясы – 8,59%;

Қазақстан халық партиясы – 6,8%;

«Байтақ» жасылдар партиясы – 2,3%;

«Ақ жол» партиясы – 8,41%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2% дауыс жинады.

Тек «Байтақ» жасылдар партиясы ғана парламентке өтпей қалды.
28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен төсбелгі табыстады.