Полицейлер 12 жасөспірімнің ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды

89

Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 12 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара қолданды. Қала аумағында “Бала және отбасы” жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында тәртіп сақшыларымен бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен рейд жұмыстары жүргізілді.

Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған балаларды анықтап, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды. Оларға әкімшілік құқық бұзушылықтың туралы кодекстің 442-бабы яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша хаттама толтырды.

Әлихан Файызханов

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz