Қала әкімі жаңа мектептердің құрылысымен танысты

90

Мұрат Әйтенов қала аумағында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты. №2 өнер мектебінің ескі ғимараты орнына жаңасын құру жұмысы өткен жылдың шілде айында басталған еді.

150 оқушыға арналған нысанды пайдалануға беру қараша айына жоспарланып отыр. Жаңа корпус іске қосылған соң онда 45 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал №46 жалпы білім беретін мектеп құрылысы жоспарлы түрде жүргізілуде.

300 орынға арналған нысан жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Жаңа оқу ғимараты салынып жатқан №47 мектепте спорт залы, асхана және 10 мың оқулық қорына шақталған кітапхана қаралған.

Нысан құрылысы маусым айында аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 1100 оқушыға лайықталып салынып жатқан №8 мектеп-гимназиясының қосымша ғимараты 2023 жылы аяқталады. Онда акт залы, спорт зал, кітапхана, асхана қарастырылған.

Гүлдана Дәурен