Қазақстанда «байлық салығы» салынуы мүмкін

203

Қазақстанда «байлық салығы» аса қымбат көлік мінген азаматтарға салынуы мүмкін. Міндетті төлем автомобильдің маркасы, бағасы, шыққан жылын ескеріп, есептеледі. «Байлық салығын» Ұлттық экономика министрлігі пысықтайды.

Мұндай салық сонымен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарында, курорттық аймақтарда орналасқан жылжымайтын мүлік пен яхталарға да салынбақ. Аумағы 300 шаршы метрден асатын пәтерге, 400 шаршы метрден асатын қала сыртындағы саяжай иелерін де «байлық салығын» төлеуге міндеттеу жоспарланып отыр. Еске салайық, мұны енгізуді былтыр қарашада депутаттар ұсынған болатын.

Шынар Оразова