Санкцияға ұшыраған ресейлік банктердің Қазақстандағы еншілес компаниялары штатты режимде жұмыс істей береді. Бізде мұндай бірнеше банк бар. Олардың таратқан мәлімдемелеріне сай қаржы ұйымдары жұмысын бұрынғыдай жалғастырады.
Барлық операциялар қол жетімді. Ақша аудару, толықтыру, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу сияқты қызметтер мобильді қосымшада да қол жетімді, дейді банк өкілдері.
Тек бір ғана шектеу бар: Қазақстандағы ресейлік банктер еурооблигациялар шығарып, батыс нарықтарына акция орналастыра алмайды. Бірақ қазақстандық клиенттерге мұның қатысы жоқ.
Шынар Оразова