Úı ANONS Шардаралық 40 мұғалімді жалақасыз қалдырған хакер ұсталды

Шардаралық 40 мұғалімді жалақасыз қалдырған хакер ұсталды

Шардарада 40 мұғалім әп-сәтте жалақысынан айырылды. Белгілі болғандай хакер ұстаздардың есепшотынан 17 миллион теңге жымқырған.

Тәртіп сақшылары іздеу нәтижесінде алаяқтық жасаған күдіктіні оңтүстік астанадан тапты. Ұсталған Алматы қаласының тұрғыны бұрын қаржы саласында жұмыс істеген екен. Яғни, банктік аударымдарды жақсы білетін болып шықты.

Жұмысын тастап, Алматыға қоныс аударғанына жарты жыл болған. Қазір екі қолға бір күрек таба алмай жүрген ол өзінің бұрынғы дағдысын есіне түсіріп, тез байып кетуді көздепті. Педагогтардың жеке мәліметтерін пайдаланып, 40 мұғалімнің жалақысын өз есепшотына аударып алған.

«Бұл дерек «Алаяқтық» бабы бойынша тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде»,-дейді полиция департаментінің қызметкерлері.

Мөлдір Ибадуллаева