Шолаққорған-Қарағұр бағытындағы жол жөнделеді

147

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар жол жөнделеді. Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді.

Бүгінде тұрғындарды аудан орталығы мен шалғайдағы ауыл елді мекендерді байланыстыратын облыстық маңызы бар жолдардың жай-күйі мазалайды. Атап айтсақ, Шолаққорған-Қарағұр арасындағы және Шолаққорған мен Ыбырай елді мекені арасындағы жол мәселесі.

Тозығы жетіп, ескірген жолдардың құрылыс жұмыстары биыл басталады. Сондай ақ, облыстық маңызы бар «КХ-2 Ұланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының 181-214 шақырымы аралығына және облыстық маңызы бар «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының 0-30 шақырымы аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды.

Иззат Миралиев

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz