Шымкент әкімі онлайн қабылдау өткізді

113

Бүгін Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй, жер телімін рәсімдеу және көше жарықтандыруы мәселелеріне байланысты болды.

Мәселен, Құрсай шағын ауданының тұрғыны қала басшысынан ирригациялық арық пен жарықшам қойып беруін сұрады. Халықтың шағымын тыңдаған Мұрат Әйтенов ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, ирригациялық арық жүйесін жүргізу осы жылдың 4 тоқсанында аяқталатынын жеткізді. Ал көшелерді жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандар мен тұрғын алаптардың әлеуметтік нысандар көшелерін қамту жоспарланғанын атап өтті.

Әр азаматтың өтініші мен шағымын жауапты сала басшыларымен бiрге тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын атап өтті.
Ал жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот арқылы қаралатынын айтып, бағыт-бағдар берсе, баспана сұраған азаматтарға пәтерлер кезек реттілігімен ғана берілетінін түсіндірді.

Жетекші сала басшыларына өз құзіреттілігі аясында көтерілген мәселелерді шешіп, нәтижесін баяндау жөнінде тапсырма берілді. Барлық өтініш-арыздардың орындалуын қала әкімі тікелей өз бақылауына алды.

Айта кетейік, Шымкент әкімінің жеке қабылдауы әр айдың алғашқы сәрсенбі күні. Яғни бұл күні мегаполистің кез-келген тұрғыны өз мәселесін Мұрат Әйтеновке жолдай алады. Ол үшін әкімдіктіктің ресми сайты арқылы қабылдауға алдын ала жазылу керек. Сондай-ақ төмендегі телефон нөмірі арқылы барлық мағлұматты білуге болады.

Қабылдау бөлімі: 8 (7252) 24-70-01
Электронды пошта: info@shymkent.gov.kz
Әкімдіктің мекен жайы: Шымкент қаласы, Назарбаев даңғылы, 10

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева