Түркістан: Жастар арасында көкпардан облыс чемпионы анықталды

110

Төлеби ауданында көкпардан жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Биылғы дода Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай жəне даңқты көкпаршы Шымырбай Əуезбаевтың құрметіне арналды.

Айтулы додаға облыстың аудан қалаларынан іріктелген ең мықты командалары қатысты. Тартысты жарыстың нәтижесінде Төлеби ауданының шабандоздары бірінші орын алса, екінші орын Бәйдібек ауданынан қатыстан командаға бұйырды.

Ал үштікті Қазығұрт ауданының шабандоздары қорытындылады. Және «Үздік салымшы», «Үздік сәйгүлік», «Жауынгер» сынды номинация иегерлері де анықталды.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары наурыз айының 24-31 аралығында өтетін ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайды.

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz