Әлемдік нарықта алтын қымбаттады

99
24.кз

Әлемдік нарықта алтын қымбаттады. Нью-Йорктегі Комекс тауар биржасында құнды металлдың унциясы 0,75 процентке көтеріліп, мың 953 долларға саудаланды.

Ақпанның бірі мен 23-і аралығында бағасы күн сайын 0,4 процентке көтеріліп отырды. Елдің ұлттық банкінің мәліметі бойынша ақпан айында 1 грамм алтын 28 мың 700 теңге деп белгіленді. Бұл қаңтармен салыстырғанда 15 пайызға жоғары.

Сарапшылар алтынның қымбаттауы қалыпты жағдай деп санайды. Өйткені байлықты сақтаудың ең сенімді түрі осы құнды металл болғандықтан, дағдарыс кезінде азаматтардың көбі қаржысын алтынға айырбастап қояды. Жыл басынан бері тұрғындарға жалпы салмағы 2 тонна 800 келі болатын 76 мың 700 алтын құймасы сатылды.

Айта кетейік, Қазақстанның халықаралық қорының үштен екісі алтынмен сақталған.

Шынар Оразова