Әскери даярлық жиыны өтуде

72

Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінде Әуе қорғанысы күштеріне қарсы қорғаныс әскерлерінің рота, батальон санатындағы сержанттар құрамымен командирлік даярлық жиыны өтуде.

Сержанттардың әдістемелік және тәжірибелік қабілеттерін жетілдіру арқылы жауынгерлік сабактарын жүргізуге үйрету, сондай-ақ кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларды жетілдіру мақсатындағы жиын екі аптаға жоспарланып өтуде.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес жиын барысында сержанттармен саптық, атыс, медициналық, дене шынықтыру және тактикалық даярлық, әскери топография, көшбасшылық сапаны дамыту сияқты оқыту пәндері, сонымен қатар әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сабақтар өткізілуде.

Айта кетсек, жиында 100-ге жуық сержанттар командирлік даярлықтан өтуде. Олар, бір-бірімен тәжірибе алмасып, жауынгерлік дайындық пен бөлiмнiң кунделiктi қызметін ұйымдастырудағы әдіс тәсілдерімен бөлісетін болады.

Иззат Миралиев