Ел бойынша 484 адам ковидтан жазылып шықты

66

Елімізде өткен тәулікте 17 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде Түркістан облысы мен Шымкент тұрғындары жоқ. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 484 -ке жетіп отыр.

29 наурыздағы жағдай бойынша елде 3 673 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 419 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  3 254 -і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 27 адамның жағдайы ауыр, ал 19 пациенттің халі өте ауыр. 8 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 451 240 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 9 150 398 адам салдырды. Ал Шымкентте 600 655 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 590 052 -і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 314 , II компонентін 1 045 886 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта тұр.

                                                                                              Мөлдір Ибадуллаева