«Главстрой-ЮГ»: «Құрылыс материалдары мен электр жабдықтарын Шымкентке тікелей жеткіземіз”

69

Көктем-құрылыс, егіс және басқа да дала жұмыстарының басталатын уақыты. Ал ол үшін сапалы техника қажет. Бұл ретте халықтың басым бөлігі ұзақ таңдау жасайтыны сөзсіз. Осы ретте «Главстрой Юг» дүкендер желісі сізге көмекке келуге дайын. Айтулы дүкенде қандай тауарлар бар, және оның сапасы қандай?

«Главстрой ЮГ» дүкеніннен тек сорғыларды ғана емес, кез – келген жабдықты табуға болады. Жасыратыны жоқ, шымкенттіктер жыл сайын жөндеу жұмысын жүргізуге дағдыланған, ал кейбірінің жеке егістік жерлері бар. Бұл ретте техниканың маңызы өте зор. Ал сапалы әрі қолжетімді бағадағы техниканы қайдан табуға болады?

«Главстрой ЮГ» дүкенінде сіз тауарларды сатып алып қана қоймай, қызмет көрсету жүйесін де қолдана аласыз. Әрбір жабдық пен қосалқы бөлшектерге кепілдік бар. Әрі дүкен базасында арнайы зауыт та бар.

Айтпақшы, компания DeWalt, Makita, Patriot, Robert BOSCH, HYUNDAI, DAEWOO, Avrora, Svarog, Группа Компаний ТСС, Atlas Copco сияқты танымал брендтердің ресми серіктесі болып табылады. Сондай-ақ, компрессор, генератор, бетон араластырғыш және жүк көтергіш машина шығаратын «FORWARD»-тың жеке бренді.

Ал бұл екінші дүкен. Мұнда сіз механикалық және электрлік жинақтағыштарды таба аласыз. Әрі барлық тауарларды ең төмен бағамен сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

Егер сіз құрылыс техникасы мен компоненттерін сатып аламын десеңіз, уақытты босқа өткізбей бірден «Главстрой ЮГ» дүкеніне хабарласыңыз. Мекен-жайы: Мәделі Қожа 137 және Алдияров 34/1.

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz