Көлік жүргізушісінен есірткіге ұқсас зат тәркіленді

89

Шымкентте жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас зат тәркіленді. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде күмән тудырған «Лада» маркалы көлікті тоқтатқан.

Тәртіп сақшысы автокөліктің алдыңғы орындығында есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдікті байқайды. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, табылған есірткіге ұқсас зат айғақ ретінде тәркіленіп алынды.

Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін азамат тиісті аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Мөлдір Ибадуллаева