Мұнайды экспорттаудың жолдары пысықталуда

66
фото primeminister.kz

Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы жөндеу жақын арада аяқталмаса, Қазақстан шикізатты 3 бағыт бойынша экспорттай алады. Дегенмен, бұл мұнай сапасына әсер етуі мүмкін.

Сонымен бірге, кейбір бағыт бойынша тасымалдау қуаты төмен.  Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Атыраудан Самараға дейінгі мұнай құбыры арқылы шикізатты жеткізуге болады. Бұл құбыр арқылы қазір еліміз 7 млн тоннаға дейін қара алтын экспорттай алады. Бірақ бұл жол оның сапасына кері әсер етеді.

Каспий құбыр консорциумы «сиписи брент» сапалы мұнайды тасымалдап келді. Ал енді оны Атырау Самараға шығарсақ, оның сапасы өзгереді. Екінші балама бағыт – Ақтау теңіз порты. Кезінде бұл 12 млн тоннаға дейін кеңейтілген.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі: «Бұл порт арқылы мысалы біздер қазіргі уақытта 5 млн. тоннаға дейін жіберуге болады. Бұның себебі Баку Әзербайжан жеріне жетіп, одан кейін Қара теңізге жеткізуге болады. Одан кейін кемемен апаруға болады тұтынушыларға.  Теміржолмен жеткізуге болады. Өкінішке орай, бізде теміржолдың вагондары шектеулі болып тұр».

Шынар Оразова