Шымкент: Әл Фараби ауданында 200 көшет отырғызылды

50

Әл-Фараби ауданындағы бірнеше шағынауданда сенбілік өтті. Аудан аумағындағы басты көшелердің бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, «Әр отбасынан бір ағаш» акциясы аясында 200 түп айлант ағашының көшеттері отырғызылды. Сенбілікке 4 арнайы техника және 10 жұмысшы жұмылдырылған.

Аудан басшылығы сенбілік жұмыстарын әр апта тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз дейді.

Гүлдана Дәурен