Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

108

Шаһарда  2022 жылғы 15 наурызда COVID-19 инфекциясымен 3 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен – 1, симптомсыз – 2. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай тіркелді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 15 наурыз аралығында 6 886 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен – 4130, симптомсыз – 2756. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 1674 жағдай тіркелді.

Бүгінгі таңға 47 белсенді ошақ қадағалануда, оның 44-і үй ошақтары, ұйымдастырылған ұжымдардағы ошақ – 3.

Науқастарды ерте анықтау және індеттің таралуына жол бермеу мақсатында бір тәулікте 871 зертханалық тексерулер жүргізілді, оның ішінде 3 оң нәтиже анықталған.
Барлық коронавирус инфекциясы «COVID-19» және пневмония тіркелген ошақтарда індетке қарсы іс шаралар жүргізілген, қаулылар шығарылған, қарым-қатынастағылар анықталып, «COVID-19»-ға зертханалық тексерілген.

Бір тәулік ішінде қалада 254 адам екпе алды (I компонент – 88, II компонент – 166). Егу науқаны басталғалы барлығы 600085 адам екпе қабылдады, оның ішінде 589065 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Шынар Оразова