Úı ANONS Шымкенттік ескек есушілер Азия чемпионатында 15 алтын жүлдеге ие болды

Шымкенттік ескек есушілер Азия чемпионатында 15 алтын жүлдеге ие болды

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэде есуден ересектер және жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды.

22-27 наурыз аралығында өткен құрлық чемпионатында еліміздің спортшылары үздіктер қатарынан көрінді. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 15 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдеге ие болды.

Атап айтқанда, ересектер арасында Татьяна Токарницкая мен Ирина Подойникова 1000 және 500 метр қашықтық бойынша 1-орын иеленді. Ал ерлер арасында Сергей Емельянов және Тимофей Емельянов ерекше көзге түсті. Сондай-ақ, жастар арасында Никита Кориненко топ жарып, жеңімпаз атаныпты.

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева