Сыртқы экономикалық құбылыстарға қатысты үкімет шара көруде

93

Үкімет интернетте теріс сыртқы макроэкономикалық жағдайларға байланысты туындайтын проблемалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Теріс сыртқы экономикалық құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асыруда. Үкімет мәліметінше, қаржы нарығының орнықтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі.

Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстауда. Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстарында экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталады.

Шынар Оразова