Келес ауданында 4500 гектарға жуық аумақ ортақ жайылымға беріледі. Қазіргі таңда орналастыру жобасы дайындалуда.
Жергілікті әкімдік пен осы салаға жауапты органдардың, тұрғындардың ортақ жұмысы нәтижесінде Бозай ауылдық округінен 1375 га, Жамбыл ауылдық округінен 2000 га, Бірлік ауылдық округінен 800 га, Біртілек ауылдық округінен 94,65 га, Бірлесу ауылдық округінен 75 га, Ұшқын ауылдық округінен 75,84 га жер телімдері ортақ жайылымға өтетін болды. Бұл мәселе мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жалғасады дейді сала жауаптылары.
Нақтырақ тоқталсақ, жыл соңына дейін 66 мың гектар жерді шаруалармен меморандум арқылы ортақ жайылымға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге 27 мың гектар жайылым жердің иелеріне баламалы түрде жер беру арқылы келісілген тұлғалармен ауданның арнайы жер қорына қайтару көзделген.
Мөлдір Ибадуллаева