Түркістан: Жайылымдарды қайтару және түгендеу жұмысы күшейтілді

123

Түркістан облысында пайдаланылмай, бос жатқан және заңсыз алынған жайылым жер алқаптарын қайтару және түгендеу жұмыстары күшейтіліп жатыр.

Космомониторинг арқылы «Гринпойнт» жүйесімен облыста 2019-2021 жылдар аралығында бірнеше мың гектар алқапқа түсірілім жүргізілген. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 87,2 мың гектар жердің игерілмегендігі анықталды.

Облыс әкімі жайылымдарды қайтару, түгендеу жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Әкімдер бос жатқан жайылымдар кімнің атында екенін жасырмай айтулары керек. Жайылымдар ел игілігі үшін қолданылуы тиіс. Бос жайылымдарды қайтару, түгендеу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырамын».

Әлихан Файызханов