Үйіне есірткі жасырған жергілікті тұрғын анықталды

91

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі заттарын сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.

Жетісай АПБ-нің қызметкерлері хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен және де үйінің жатын бөлмесінен 6 дана ақ қағазға оралған есірткі затына ұқсас затты айғақ ретінде тәркілеп, тиісті сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 60 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.