10 сәуірден бастап Рысқұлов көшесінің бір бөлігі жабылады

78

ХАБАРЛАНДЫРУ 📢 Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығы бойынша жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 10 сәуірінен 20 сәуіріне дейін Рысқұлов көшесінің Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі солтүстік жағы көлік құралдарының қозғалысы үшін жабылатын болады. Қозғалыс оңтүстік жағынан екі бағытта уақытша ұйымдастырылады. Өз маршруттарыңызды алдын ала түзетулеріңізді сұраймыз!