Альфа-Банкке қатысты санкциялар 6 мамырдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
6 мамырға дейінгі кезеңде және санкцияларды енгізудің тиімді күнінен кейін «Альфа-Банк Қазақстан» клиенттеріне теңгемен және рубльмен операциялар қолжетімді болады: банкоматтарда қолма-қол ақша алу, теңгемен ақша аудару, коммуналдық қызметтерді, мобильдік байланысты төлеу және қызметтер үшін басқа да төлемдер.
Қазіргі уақытта Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелері 445 млрд. теңгені құрайды, олар 480 млрд. теңге сомасындағы жоғары сапалы несие портфелінің, 134 млрд. теңге мөлшеріндегі меншікті капитал және негізгі банк ашқан кредиттік желі есебінен өтеледі.Өз тарапынан, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктегі ахуалға күнделікті бақылауды жүзеге асырады және банк орнықтылығын қолдау және оның салымшыларының мүдделерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдайды.
Шынар Оразова