Доллар мен евро теңесті: Сарапшылардың пікірі

112

Доллар мен Еуро теңесті. Оның ел экономикасына әсері қандай болмақ. Азаматтар жинақтарын қандай валютада сақтағаны тиімді. Осы және өзге де маңызды мәселеге қатысты сала маманы пікірін білдірді.

Шымкенттің айырбастау пункттерінде еуро мен доллар шамамен 464 және 465-ке тең. Бұл 20 жылда алғаш рет орын алған жағдай. Бұл сәт тарихи болса да,еуроның құлдырауына қатысты қала тұрғындарының арасында дүрбелең болмады.

Айырбастау пунктіндегі  қызметкер: «Доллар мен еуро бағамы бір бағада. Соңғы үш айда тұрақтылық байқалады. Адамдар доллар мен еуроны да сатып алады. Жыл басында мұндай толқулар байқалмады».

Экономистер еуроның әлсіреуін, ең алдымен, әлемдегі геосаяси жағдаймен байланыстырады.

Айнұр Есболова, экономист: «Бірінші себеп: Ресейдің Украинада жүргізген арнайы операциясы, екінші-Еуропа аймақтарындағы өзендердің таяздануы, бұл өзен көлігі бойынша ресурстарды тасымалдаудың логистикалық жүйесіне кері әсер етеді және тұтастай алғанда, Еуропалық Одақ бойынша энергия ресурстарының қымбаттауы».

Еуроның әлісеруі Қазақстан экономикасына аса әсер етпейді деп есептейді маман.

Айнұр Есболова, экономист: «Ең алдымен, әр нарық сұраныс пен ұсыныстан қалыптасатындығына байланысты. Қазақстанда америкалық долларға үлкен сұраныс бар екенін білеміз. Өйткені, барлық қаржылық операциялар АҚШ долларымен, оның ішінде астық пен мұнай экспорты бойынша доллармен барлығы есептеледі».

Маман тұрғындарға инфляцияны ескере отырып, жинақтарын доллар мен еурода сақтауға кеңес береді. Сарапшылардың пайымдауынша егер олар бағамды тұрақтандырудың дайын тетігін тапса, Үкіметте баяндама жасаған еді. Бірақ әзірге нақты шешім жоқ. Қазақстанның басты әріптестерінің біріне қатысты енгізілген санкциялардың салдары да тұрақсыз экономикалық жағдайға әсерін тигізуде.

Айнұр Есболова, экономист: «Ресей Федерациясына қатысты санкцияларға байланысты ресейлік тұрғындарда өте көп ақша жиналды. Бұл қаражатты олар әр түрлі елдерде жұмсайды және ол мемлекеттердің арасында Қазақстан да бар. Бүгінде көптеген ресейлік резиденттер Ай ти технологияларында, логистика және экономиканың басқа да салаларында өз бизнестерін аша бастады. Бұл жалпы Қазақстанның экономикасына және еңбек ресурстарына әсер тигізетіні анық».

Елде шетел валютасына сұраныс күрт төмендеді. Ұлттық банктің мәліметінше, өткен айда ел азаматтары 125 миллиард теңгеге шетел валютасын сатып алған.Оның 82 миллиарды АҚШ доллары