Úı ANONS Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын 72 ұйым лицензиясынан айырылды

Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын 72 ұйым лицензиясынан айырылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 10 айдың ішінде микроқаржы қызметін жүзеге асыратын 72 ұйымды лицензиясынан айырды. Агенттік микроқаржыландыру нарығын талаптарға сай келмейтін және тұтынушылардың мүддесіне айтарлықтай қауіп төндіретін жауапсыз қатысушылардан тазарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп тұрады.

«Осыған байланысты агенттік жыл басынан бері микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымға, соның ішінде 18 микроқаржы ұйымына, 42 ломбардқа және 8 кредиттік серіктестікке қатысты микроқаржылық қызметке арналған лицензиядан айыру түрінде санкциялар қолданды», — деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.