Bereke Bank АҚШ-тың санкциялық тізімінен шығарылды

22

АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік Сбербанктің бұрынғы еншілес ұйымы Bereke bank шектеу тізімінен алынғанын мәлімдеді. Құжатқа сәйкес, Қаржы министрлігінің құжаттарында «Ресей Жинақ банкінің еншілес ұйымы», SB SBERBANK, «Ресей Жинақ банкі акционерлік қоғамының еншілес банкі» және TEXAKABANK деген төрт түрлі атаумен көрсетілген қазақстандық Bereke Bank санкциядан алынды.

2022 жылдың тамызында банк «Бәйтерек» мемлекеттік холдингінің меншігіне өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, 6 наурыздан бастап Қазақстанда «Береке банк» желісіндегі Сбербанк Мир карталарына қызмет көрсету тоқтатылды. Бұрын «Bereke Bank» банкоматтары рубль шоттарынан ақша алу кезінде карталарды қабылдап, теңге беретін. Дәл осы күннен бастап Ресейге шот нөмірі мен телефон нөмірі бойынша аударымдарды жіберу қызметі тоқтатылды.