Бөтеннің қойларын ұрлап, 7 миллион теңгеге сатып жіберген

129

Түркістан облысында қойшы өзгенің 140 қойын ұрлап, сатып жіберген. Анықталғандай, қойшы қойларды таныстарына 35 мың теңгеден сатқан. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары ұрланған малды күдіктіден тәркілеп алған.

Құқық қорғау органдары келтірілген залалды 7 миллион теңгеге бағалап отыр. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мұхтар Ордабай, Отырар АПБ тергеушісі: «Күдіктіні полиция қызметкерлері Отырар АПБ – не жеткізді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ұрлау»бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға үй малын сақтау шараларын қолдану және күдікті тұлғаларға өз мүлкіне сенбеу қажеттігі туралы ескертеді».

Гүлдана Дәурен