Цифрлық теңгені енгізуге қатысты әдістеме шілдеге дейін бекітіледі

65

Цифрлық теңгені енгізуге қатысты әдістеме шілдеге дейін бекітіледі.

Сол кезде бұдан түсетін пайда мен шығынды есептеп, нәтижесін шығарады. Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов сандық валютаны енгізу үшін мамандардың Халықаралық валюта қорының отырысына қатысып, жоспармен бөліскенін жеткізді.

Дегенмен, жобаны техникалық жағынан жүзеге асыру үшін уақыт қажет дейді. Қазір дүниежүзінде 63 орталық банк ұлттық цифрлық валютаны шығарумен, оның айналымын зерттеумен белсенді айналысып жатыр. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастамайтынын еске саламыз.

Шынар Оразова