Түркістан облысы Шардара су қоймасының №2 учаскесінің жағасында балық шабақтарының жиналып қалғаны анықталды. Әрі балықтардың қырылу фактісі тіркелді.
Балық инспекторлары мен қорықшылар 4 кг шабақ жинап, оларды утилизациялау жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ Шардара қаласы бойынша ветеринарлық қызмет зерттеу үшін сынама алды. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін сараптамалық қорытынды әзірленеді.
Айта кетейік, 1966 жылы салынған Шардара су қоймасы Түркістан облысы аумағындағы Сырдария өзенінде орналасқан. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес халықаралық маңызы бар су қоймалары тізбесіне