Жұмысқа орналасу жеңілдейді

73

Жұмысқа орналасу процесін жеңілдететін

«Электрондық жеке іс» жаңа сервисі іске қосылды. Ерекшелігі сол, енді жұмысқа тұрғандар жұмыс берушіге қағаз құжаттар жинап әуре болмайды. Енгізілген сервистің арқасында жұмыс беруші қызметкердің жеке ісін электрондық форматта алу үшін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне сұрау салады. Онда қызметкер туралы барлық мәлімет сақталады. сервис арқылы жұмыс беруші жеке куәлік деректері, фотосурет, білімі және отбасы мүшелері, вакцинация, жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты сұратуға құқылы.

Жұмыскерге SMS-хабарлама арқылы немесе Электрондық еңбек биржасы порталындағы жеке кабинетте өз деректерін ұсынуға сұрау келеді. Оң жауап алса ғана, жеке деректер ашылады. «Электронды жеке іс» сервисіне жалған құжаттар енгізу мүмкін емес.