“Газель” жүк көлігі толығымен жанып кетті

56

Күні кеше сағат 15:36-да Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тоғыс елді мекенінде   “Газель” жүк автокөлігі толығымен жанып кетті. Көлік ішінде құрлыс заттары және құжаттар болған.

 Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына: ТЖД (9 қызметкер мен 2 дана техника), АМО (3 қызметкер мен 1 дана техника) жұмылдырылды.