Утилизациялық алымды ескі тариф бойынша төлеген азаматтарға 250 млн теңгеден аса ақша қайтарылды. «Жасыл даму» өкілдерінің айтуына қарай, 14 мамырдан бастап оператор ескі тариф бойынша төлем жасаған тұрғындардың ақшасын қайта есептеп, қалған соманы қайтарып берген.
Бұған дейін азаматтар ел шекарасынан өткен көліктер үшін мамырдың ортасында дейін ескі тарифпен төлем жасауға шағымданған. Кейін «Жасыл даму» операторы утилизациялық алымға артық ақша төлеген адамдардың қаржысын қайта есептеп берді. Тариф 14 мамырдан бастап төмендегенін еске саламыз. Ол көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеледі.
Шынар Оразова