30 дана қауын жымқырып кеткен жігіт ұсталды

52

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның дүкен сыртында тұрған 30 дана қауынын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, күдікті өзінің көлігімен келе жатып дүкен бойындағы қараусыз тұрған қауынды көріп, өзімен бірге алып кетеді. Яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындап, ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, 30 дана қауынды автокөлігіне салып кетіп қалған. Сұрастыру жұмыстары кезінде куәлардан ақпараттар жинақталып, бейнекамераның көмегімен күдікті ер адам анықталды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз сөзінде күдікті қауынды жарамсыз деп санап, бағып отырған сиырына бермекші болғанын айтты. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.