«4 млрд. теңгелік мұнай өнімдерін сатқан»: Күдіктілер ұсталды

38
фото halyq-uni.kz

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 4 млрд. теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың ұйымдастырылған схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. Мысалы, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасына экспорттамақ болған кезде АИ-92 маркалы бензині бар 5 теміржол цистернасы ұсталды, құжаттарда бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш деп  көрсетілген. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады»,- деді Әбділов.

Әбділов айтуынша, оларды табу үшін аналитикалық құралдар кеңінен қолданылып, терең операциялық әзірлемелер жүзеге асырылып жатыр.

Мөлдір Ибадуллаева