Мұнай өнімдерін шетелге көлікпен әкетуге 6 айға тыйым салынды

30

Бүгіннен бастап елден мұнай өнімдерін шетелге көлікпен әкетуге тағы жарты жылға тыйым салынады.

Қазір елімізде АИ-95 маркалы бензиннің 40 мың тонна қоры бар. Энергетика министрлігі осылай деп хабарлады. Нарықтағы ай сайын тұтыну көлемі 70 мың тонна. Нұр-Сұлтанда 16 күндік қор бар. Жауапты министрлік жанар-жағармай жеткізуге шектеу болса, түсініктеме алу үшін жанармай құю станциясына хабарласуды сұрады.Helios пен Qazaq Oil секілді ірі станциялар әзірге АИ-95 бензині жеткілікті екенін және талонсыз ақшаға сатылып жатқанын жеткізді.

Демалыс күндері әлеуметтік желіде жанармайды талонмен сатуға қатысты ақпарат тарағанын еске саламыз. Сонымен бірге Бағасына тоқталсақ, қазір АИ-98- 235-240 тг, АИ-95 215, 92 маркалы бензин 182 теңгеге сатылып жатыр.

Шынар Оразова