Кәсіпкерлерге арналған 1 млн. теңгеден астам грант конкурсына қандастар да қатыса алады

21

Елімізге шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады.

Айта кетейік, 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады.

«Отандастар қорының» баспасөз қызметі мәлімдегендей, бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды «қандас» мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар. Грант мемлекетке қайтарылмайды, ал жалпы сомасы — 400 АЕК.

Мөлдір Ибадуллаева