Шымкенттегі ХҚО 27 тамыз, сенбі күні жұмыс істейді

27 тамыз, сенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалы мәлімдеді.

28-30 тамыз аралығында ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл ақпарат мамандандырылған қызмет орталығына да қатысты. Жұмыс күндері орталықтардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Айта кетейік, биыл Конституция күні сейсенбі күнге тура келіп, демалыс күні 27 тамыздан 29 тамызға, яғни дүйсенбіге ауыстырылды.